×

Су басқан өңірлердегі тұрғындар жаңа үйіне қысқа дейін кіріп үлгеруге тиіс – Қанат Шарлапаев

Құрылыс министрі үйлердің сапалы болатынына сенімді

 Дәурен Ерболат 24.05.2024 | 16:15
фото: akorda.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқыны болған өңірлерде жаңадан салынатын үйлердің сапалы болатынын айтты.

Қазір су басқан өңірлерде 900-ге жуық үйдің құрылысы басталды.

Бүгінгі ең маңызды міндет – қыста ешкімді баспанасыз қалдырмау. Әрине, біз үйлерді сапалы салуымыз керек, - деді Қанат Шарлапаев.

Министр салынып жатқан үйлердің сапасы қалай тексерілетінін түсіндірді.

«Шынын айтсақ, қазақстандық кәсіпкерлер өзіне үлкен әлеуметтік жауапкершілік алды. Үй салу және баспана сатып алу отандық бизнестің есебінен жүргізіледі. Кейбір өңірлерде құрылысты компаниялар қаржыландырады. Бұл тұрғыда мемлекеттің рөлі – үйлестіру, учаскелерді таңдау және инфрақұрылымды жүргізу. Біз операциялық штабтар құрдық. Құрылыс бойынша барлық учаскенің дерегін цифрландырдық, деректерді жүйеге енгіздік.

Біз жұмысты бақылау үшін барлық құрылыс алаңында бейнебақылау жүйесін орнаттық. Министрлік қызметкерлері су тасқыны болған өңірлердегі үйлердің қалай салып жатқанын бақылауда ұстауда», - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін вице-премьер Қанат Бозымбаев су тасқынынан бүлінген үйлердің шығыны жақын арада белгілі болатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама