Halyq Uni логотип
×

Қаржы мониторингі агенттігінде Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс тіркелмеген

Сатабылды 2022 жылы алты жылға сотталды

 Халық үні 22.05.2024 | 10:35
Қаржы мониторингі агенттігінде Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс тіркелмеген
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Қаржы мониторингі агенттігінде Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс қаралып жатқан жоқ. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қайрат Сатыбалдыға қатысты біздің ведомствода тіркелген қылмыстық іс жоқ, - деді Елемесов.

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың 26 қыркүйегінде 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің екі бабы «алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру», «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу» баптары бойынша айып тағылған болатын. Ол процесс барысында тағылған айыпты мойындады.

2024 жылдың сәуірінде Сатыбалдыға қатысты тағы бір қылмыстық іс сотта қаралды. Бұл жолы Қайрат Сатыбалды қылмыстық кодекстің 218-бабы негізінде айыпталған. Бұл бапта қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру әрекеті көрсетілген. Сот барысында Сатыбалды өзіне тағылған айыпты мойындап, прокуратурамен процестік келісім жасауға келісті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама