Қазақстан азаматтығын алғысы келетінде тестілеудің 3 кезеңінен өтуге тиіс
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан азаматтығына өтініш тапсырғанда кімдер емтиханнан босатылатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Министрдің айтуынша, енді Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер тест тапсыруға міндеттеледі. Алайда емтиханнан бостатылынатындар да бар.
«Тест 3 бөліктен тұрады: бірінші – қазақ тілін білу, екінші – Конституция негіздері, үшінші – Қазақстан тарихы негіздері.
Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер тест тапсыруға міндетті. Алайда талаптан босатылғандар да бар. Президент бекіткен тізім бойынша, олар – жөспірімдер мен мүмкіндігі шектеулі адамдар», - деді Саясат Нұрбек Үкіметтің баспасөз орталығында.
Ведомство басшысына «Қазақстан азаматтығын алғанда мемлекеттік тілді білу деңгейі қалай анықталады?» деген сауал жолданды.
Бұған филологтар жауап береді. Қазір біз арнайы жұмыс тобын құрдық. Бұған министрліктің ресурсы жетеді. Мысалы, бізде «Тіл-Қазына» орталығы бар. Біз бұл сынақты құрастырып, оның қалай жұмыс істейтінін көрсетеміз. Жұмыс енді басталды. Заңға жақында ғана қол қойды. Заң күшіне енген соң бізде тек бір ай бар. Қазір жұмысты жедел жүргізіп жатырмыз, - министр.
Еске салайық, ІІМ енді мемлекеттік тілді білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмейтінін хабарлаған еді. «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжат аясында 7 кодекске, 13 заңға өзгерістер енгізілген.