Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
ТЖМ қызметкерлері оттан 26 адамды құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Петропавлда бір қабатты жеке қонақ үй кешеніндегі саунаның 5 шаршы метр аумағы жанды. Жалын толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның алдын-ала себебі анықталып жатыр, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Шымкентте мектеп шатыры өртенді. Қостанай облысында бір күнде екі көлік отқа оранды.