Halyq Uni логотип
×

ҰҚК жаппай тәртіпсіздіктен кейін Қырғызстанмен шекарадағы жағдайды айтты

Бүгін түнде Бішкекте тәртіпсіздік болғаны белгілі

 Қымбат Елтайқызы 18.05.2024 | 17:59
ҰҚК жаппай тәртіпсіздіктен кейін Қырғызстанмен шекарадағы жағдайды айтты
фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы ахуал туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, Бішкек қаласындағы түнгі тәртіпсіздіктерден кейін пәкістандық студенттер тобының Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бақылау-өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Екі елдің шекарашылары Бішкектегі жағдай жайлы үздіксіз мәлімет алмасып отыр, – деді баспасөз қызметі.

Соңғы екі жылда Қазақстанға қанша ресейлік пен украиндық келді. Олар немен айналысып жүр? 3 мыңнан аса адам шекара заңнамасын бұзған. ҰҚК Астана мен Павлодарда бірнеше адамды тұтқындады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама