Бұл заң бұзушылықтың жиі жасалу себебі де айтылды
Алматыда тұрғын алаптарынан мопед ұрлаумен айналысқан екі қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күрестің бағыты – мопед, велосипед, самокаттар ұрлығының алдын алу. Талдау нәтижесі көрсеткендей, көп жағдайда ұрлықтың бұл түрі кейбір азаматтардың өз мүлкіне ұқыпсыз қарауы, мопедтері, велосипедтері мен самокаттарын қараусыз қалдыруы салдарынан жасалады. Олар мүліктерін кіреберістерде, тұрғын үйлердің аулаларында, дүкендердің алдында қалдырып кетеді, дейді polisia.kz.
Өткен мереке күндері біз екі топтың құрамында әрекет еткен алты жас жігіттің мопед ұрлау әрекеттерін әшкереледік. Олар түнгі уақытта бөтен адамдардың мопедтерін ұрлаған. Қылмыстық жолмен алынғанын алдын ала біле тұра, ұрланған тауарды алып отырған сатып алушы да ұсталды. Қылмысқа қатысы бар әрбір адамның әрекетіне тергеумен құқықтық баға беріледі, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Сонымен қатар, Алматы полициясы екі дөңгелекті көліктерді ұрлықтан мынадай жолмен қорғауды ұсынады:
Сондай-ақ, ұрланған мүлік туралы ақпаратты – құжаттарын, маркасын, түсін, фотосуреттерін, сериялық немесе басқа нөмірлік белгілерін дайындау қажет.
СҚО-да скутер айдаған жасөспірімдердің ата-аналары жазаланды. Көлік апатын арттырған: мопед жүргізушілеріне де талап күшейеді. Таразда 87 скутер мен мопед жүргізушілері жауапқа тартылды. Қызылордада скутер тізгіндеген жасөспірім жол апатына ұшырады.