Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Өрт сөндірушілер 14 адамды эвакуациялап, оттан аман алып қалды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қызылорда қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің 1-ші қабатында орналасқан кафенің 20 шаршы метр алаңы жалынға оранды. Өрт сөндіру барысында құтқарушылар баспалдақ маршымен 14 тұрғынды қауіпсіз жерге шығарды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Өрт сөндірушілер отты тоқтатты. Зардап шеккендер жоқ. Қазір жалынның себебі анықталып жатыр.
Қостанай облысында бір күнде екі көлік отқа оранды. Шымкентте кофехана жалындады. Түркістанға оқушыларды апара жатқан газельден от шықты. Алматыда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды.