Әуе рейсінде тәртіп бұзған шетелдіктер жазаланды
Олар рейстен түсірілді
Шетелдік жолаушылар әуе рейсінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акт бойынша «Алматы-Дубай» бағытындағы әуе рейсінен екі жолаушыны түсіріп алды. Полицейлер тексеру кезінде 24 және 25 жастағы екі ресейлік азаматшаны анықтады. Олар ұшаққа отырғызу кезінде мас болып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматшаларда орташа дәрежелі алкогольдік мас күй анықталды. Құқық бұзушылар алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін жазалап, әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салды, – дейді polisia.kz.
Осы жылдың басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 871 азаматты жауапқа тартты. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 2339 адам жазаланды.
Қазақстан-Мысыр әуе рейстерінің саны үш есе артады. Астана халықаралық әуежайының басшылығы мәлімдеме жасады. Air Astana компаниясының есірткі тұтынған ұшқышына қатысты қылмыстық іс қозғалды.