Павлодарда бүлдіршін 5-қабаттан құлап кетті

Дәурен Ерболат

Ол ауруханаға шұғыл жеткізілді

Фото: Halyq Uni

Павлодар қаласында 4 жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау департаменті.

Оқыс оқиға 9 мамырда сағат 14:10-да болған. 2020 жылы туған қыз 5-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.

Бала жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіліп, травматология бөлімшесіне жатқызылды. Қыздың миы шайқалып, жабық ми жарақатын алған, - деп жазылған хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде бүлдіршіннің жағдайы орташа ауыр.

Бұған дейін жарты сағатта 2 баланың терезеден құлап кеткені хабарланған еді.