×

Жарты сағат ішінде 2 бала терезеден құлап кетті

Шахтинск және Семей қалаларында 2 бала жарты сағат ішінде терезеден құлап кеткен

 Халық үні 08.05.2024 | 23:28
фото: inform.kz

Шахтинск және Семей қалаларында 2 бала жарты сағат ішінде терезеден құлап кеткен, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бірінші жағдай Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болды. 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтердің терезесінен екі жасар қыз бала құлап түсті. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды.

Екінші жағдай Семей қаласында болды. 3 жасар қыз бала 2-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Екі жағдайда да балалар ересектердің қарауынсыз қалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама