×

«Астана-Петропавл» жолында жүк көлігі өртенді

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Қымбат Елтайқызы 09.05.2024 | 11:35
фото: ТЖМ

«Астана-Петропавл» автожолының 205 шақырымында 25 шаршы метр алаңда жүк көлігі тіркемесіндегі ағаш көмір отқа оранды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Өрт сөндірушілер жалынның көлік кабинасына тарауына жол бермеді. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр, – дейді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бұған дейін Түркістанға оқушыларды апара жатқан газельден өрт шыққан болатын. Сонымен қатар, Алматыда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама