Halyq Uni логотип
×

Шығыс Қазақстанда екі жасар бала суға батып кетті

Қайғылы оқиға бала ата-ана қарауынсыз қалған кезде болған

 Қымбат Елтайқызы 05.05.2024 | 18:10
Шығыс Қазақстанда екі жасар бала суға батып кетті
фото: Halyq Uni

Ата-анасының қарауынсыз қалған бала суға батып кетті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қарасты Садыр көлінде 2022 жылы туған бала ата-анасының қарауынсыз қалып, суға құлап, батып кетті, дейді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ведомство мәліметінше, оқыс оқиға саяжай үйінің ауласында болған. ТЖМ ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Су айдындарында балаларды ойнауға жібермеу керек.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі елімізде су тасқынынан қанша адам көз жұмғанын айтқан болатын. Сонымен қатар Ақтөбе облысында 10 жасар бала суға батып кеткенін хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама