×

Елімізде су тасқынынан қанша адам көз жұмды - ІІМ жауабы

Полиция істі тергеп жатыр

 Дәурен Ерболат 18.04.2024 | 11:00
фото: azh.kz

Қазақстанда су тасқыны салдарынан 7 адам көз жұмған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бірнеше өңірде қайғылы оқиға болды. Мысалы, Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Осы оқиғалар бойынша қылмыстық істер тіркеліп, алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді Марат Қожаев Сенат кулуарында.

Осы орайда журналистердің бірі Абай облысының Аягөз ауданындағы тракторда отырған 2 адамның суға кеткенін еске салды.

Осы деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдарының нәтижесі бойынша шешім шығарылады, - деді министрдің орынбасары.

БАҚ өкілі «Тасқын судың құрбаны 5 адам деп айта аламыз ба? Әлде Аягөздегі 2 адам өлімін де қосамыз ба?» деп сұрағын нақтылады. Содан соң Марат Қожаев табиғи апаттан жалпы 7 адам көз жұмғанын атап өтті.

«Иә, Аягөзді де (2 адамның өлімін, – автор) қосу керек», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама