×

Шетелден Қазақстанға есірткі жеткізудің халықаралық арнасы жойылды

Күдіктінің басқа азаматты қорқыту арқылы есірткі сатуға мәжбүрлегені анықталды

 Динара Амантай 30.04.2024 | 13:14
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті биыл ақпанда пошта жөнелтілімдерін пайдалану арқылы алыс шетелден Қазақстанға есірткі жеткізудің халықаралық арнасын жойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жалпы салмағы 500 грамнан асатын каннабис тобының есірткі қоймасымен жабдықталған сәлемдемені алуы кезінде «Қазпошта» АҚ бөлімшесінде жергілікті тұрғын ұсталды.

Биыл сәуірде Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстау бойынша операция іске асырылды. Күдіктіден 2,5 келіден аса «мефедрон» психотроптық заты тәркіленді. Бұл – 10 мыңға жуық бірреттік доза. Жедел шара барысында күдіктінің басқа азаматты қорқыту арқылы есірткі сатуға мәжбүрлегені анықталды, – делінген хабарламада.

Ұсталған адам облыста психотроптық заттарды таратудың ауқымды желісін ұйымдастыруды көздеген. Аталған азаматтар соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама