Күдікті уақытша ұстау изоляторында
Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Қаржылық мониторинг агентігі ҚР ҚК-нің 286-бабы 4-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ҚМА-ның Астана қаласы бойынша департаменті қызметкерлердің халықаралық пошта жөнелтілімдерін бақылау учаскесінде «Қазпошта» АҚ-ның қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Швециядан келген салмағы 479,94 грамм болатын гашиш салынған қорапты тапты.
Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚПК-нің 201-бабы талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.
Еске сала кетсек, ҚМА мен «Қазпошта» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Құжат елдегі қаржылық қылмыстармен күресу шараларын күшейтуге және пошта жөнелтілімдері арқылы қаржылық операциялардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.