Оған ұсақ бұзақылық үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды
Сахнада балағат сөз айтқан әнші Қайрат Нұртасқа айыппұл салынды, деп хабарлады Polisia.kz.
Айта кетейік, әншінің былатып сөз айтқан видеосы әлеуметтік желіде жарияланған еді.
Ол қоғамдық орында балағат сөз айтып, видеоға түсіп қалғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды, - делінген ІІМ Telegram-дағы арнасы жариялаған ақпаратта.
Еске сала кетсек, бұған дейін қоғамдық орында балағат сөз айтқандарға салынатын айыппұлдың айтарлықтай өсетінін жазған болатынбыз.