Астанада Гана елінің бір топ азаматы ұсталды

Дастан Жұмабекұлы

4 азамат елден депортацияланды

Фото: polisia.kz

Астана қаласының полицейлері елімізде заңсыз жүрген Гана Республикасының бір топ азаматын ұстап, елден шығарды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Африка мемлекетінің азаматтары көші-қон заңнамасын бұзған. Байқоңыр аудандық ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері олардың визада көрсетілген елде болу мерзімі немесе көші-қон карточкасында тіркелу мерзімі өткеннен кейін 3 тәулік ішінде елден шықпағанын анықтаған. Сол үшін Гана Республикасының 4 азаматын елден депортациялады.

Қазір Астана қаласында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтау мақсатында рейд жүргізіліп жатыр. Полицейлер шетелдіктердің заңнама талаптарын сақтауын және елден уақтылы кетуін бақылап отыр.