1 маусымда Нұр-Сұлтанда қанша бала дүниеге келді?

Дәурен Ерболат

Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде аналар мен нәрестелердің жағдайы жақсы

Фото: lit-baby.ru

1 маусым – Балаларды қорғау күні елордада 107 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жалпы бұл күні қалада 54 қыз, 53 ұл жарық дүние есігін ашқан.

«Екінші баламды дүниеге әкелдім. Қызымыздың атын Кәусар деп қойдық. Дәрігерлер мен медициналық ұжымның арқасында жеңіл босандым. Оларға алғысымды айтамын», - дейді қала тұрғыны Зәгира Сейтахынқызы.