Құлсарыда жоғалып кеткен екі адамның бірінің мүрдесі табылды

Еркеғали Болатұлы

Әкесі – 1976 жылғы, ал бала 2000 жылы туған

фото: Massaget.kz/Нуржан Рысбеков

Тасқын су басқан Құлсарыда әкесі мен баласы жоғалып кеткен еді. Бүгін әкесінің мүрдесі табылды.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының ақпаратына сүйенсек, ол 14 сәуірде таңғы сағат 09:00 шамасында табылған.

Құлсары қаласында 6 сәуірде әкесі мен баласы бірге жоғалып кеткен еді. Әкесі – 1976 жылғы, ал бала 2000 жылы туған. Олар рұқсат ету құжатынсыз, су басқан тұрғын үйін қарау үшін барған. Алайда олар эвакуациялық пунктке кері оралмаған. Сол күннен бері жоғалып кеткен әкесі мен баласы іздестірілді, - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Іздестіру жұмыстарына 40 адам, 6 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды.