Астанада өтетін дәстүрлі жәрмеңкенің орны өзгереді

Дәурен Ерболат

Іс-шараға отандық тауар өндірушілер қатыса алады

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордада демалыс күндері өтетін дәстүрлі жәрмеңкенің орны өзгеретін болды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Орынның өзгеруіне байланысты Сауран, 7 мекенжайындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмысын тоқтатты.

Бұған дейін Астанада өңірдегі тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің жұмысын бастағаны хабарланған. Алайда жәрмеңкенің орны өзгереді. Жаңа орынның мекенжайы қосымша хабарланады.