×

Атырау облысында жоғалған ер адам табылды

Ол Қарағай елді мекенінен 10 шақырым жерде болған

 Динара Амантай 11.04.2024 | 15:10
Фото: Halyq Uni

Атырау облысында полицейлер жоғалған ер адамды дронның көмегімен тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жылыой ауданының полициясына 49 жастағы ер адамның Қарағай ауылынан Құлсарыға қайықпен шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат түскен. Бүгін таңертең Қарағай елді мекенінен 10 шақырым жерде су тасқынынан пайда болған аралдан полиция қызметкерлері дронның көмегімен 49 жастағы ер адамды тапты.

Ер адамның жағдайы тұрақты, ол туыстарының жанына жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама