Ақтөбеде дүниеге келген үшемге Қасым, Жомарт, Кемел есімдері қойылды

Еркеғали Болатұлы

1986 жылғы әйел экстракорпоральді ұрықтандыру жолымен жүкті болған

фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде 36 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді деп хабарлады Экспресс К сайты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1986 жылғы әйел экстракорпоральді ұрықтандыру жолымен жүкті болған. Ол 25 мамыр күні жүктіліктің 36-шы аптасында облыстық перенаталдық орталыққа жатқызылған.

Ал 27 мамыр күні кесарь тілігі жасалып, дүнеге үш ер бала келді. Есімдері – Қасым, Жомарт, Кемел.

Қазір сәбилердің денсаулығы қалыпты.