×

Петропавл тұрғыны 2 аялдаманы қиратқан

Әкімшілік материал сотқа жіберілді

 Динара Амантай 01.04.2024 | 17:05
Фото: polisia.kz

Петропавл полицейлері бірден екі аялдаманы қиратқан тұрғынды ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеше таңертең Петропавл қаласының полиция басқармасына Н. Назарбаев көшесінде қызыл түсті сырт киімдегі белгісіз ер адамның аялдама павильонының шыныларын сындырғаны туралы хабарлама түскен. Бұл ақпарат барлық кезекші жасақтар мен автопатрульдерге жіберілді. Бейнебақылау инспекторлары осы ауданда аталған жаяу жүргіншінің белгілеріне ұқсас адамды тез арада анықтап, жазып алды.

Нәтижесінде ер адамды патрульдік полиция батальонының экипажы Н. Назарбаев пен К. Сүтішев көшелерінің қиылысында ұстады. Алайда ол полицейлер мінген автопатруль келгенге дейін бірнеше секунд бұрын басқа аялдаманың шынысын зақымдап үлгерген.

Ұсталған ер адам облыс орталығының 24 жастағы мас жүрген тұрғыны болып шықты. Айтуынша, ол мұндай әрекетті көңіл-күйі болмағандықтан жасаған.

Бұл фактілер бойынша полицейлер әкімшілік материал жинап, шешім қабылдауға мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберді. Құқық бұзушы айыппұл төлеуі немесе 5тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама