×

Шет ауданында су басқан ауылдардың халқы үйлеріне оралды

Үш елді мекеннің тұрғындары бірнеше күн туыстарын паналады 

 Дастан Жұмабекұлы 01.04.2024 | 16:19
Фото: gov.kz/ Қарағанды облысының әкімдігі

Бүгін су тасқыны салдарынан эвакуацияланған Қарағанды облысының Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылдық округі Қайрақты ауылының 67 тұрғыны үйлеріне оралды. Жергілікті атқарушы органдар ауыл тұрғындарына көмек көрсету үшін қажетті техника мен адамдарды жұмылдырды, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі. 

Сонымен қатар Нұраталды ауылдық округі Ақсу ауылының 119 тұрғыны да үйлеріне қайтады. Олар бірнеше күн туыстарының үйін паналаған болатын.

Қазір Ақсу ауылында жолдар ретке келтіріліп жатыр. Мотопомпаларды пайдалана отырып, үйлерден су бұру жұмыстары жүргізілуде, – делінген материалда.

Сонымен қатар, Красная Поляна ауылдық округінде 10 адам үйлеріне оралды.

Жақын арада су басқан үйлерді арнайы құрылған комиссия және келтірілген залалдың көлемін анықтайтын бағалаушылар тексереді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама