×

БҚО-да құтқарушыны жарақаттаған тұрғын ұсталды

Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

 Динара Амантай 01.04.2024 | 14:27
Фото: polisia.kz

Полицейлер су тасқынына байланысты өз қызметтік міндеттерін атқарып жүрген төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерін пышақпен жарақаттаған Казталов ауданы Жалпақтал ауылының тұрғынын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада.

Айта кету керек, бүгінде Орал қаласында және облыстың 5 ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полиция суды сору және адамдарды құтқару бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр.

Жалпы, су тасқынына қарсы жұмыстарға 919 қызметкер мен 132 қызметтік техника жұмылдырылды, оның 700-ден астамы – полиция қызметкері.

Еске сала кетсек, бұған дейін БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтап кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама