×

БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтап кетті – ТЖМ

Ішімдік ішкен ер адам 26 жастағы құтқарушыға шабуылдаған.

 Халық үні 01.04.2024 | 08:41
Фото: ҚР ТЖМ

Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтап кетті, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Оқиға 31 наурызда кешке Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болған. Ішімдік ішкен ер адам 26 жастағы құтқарушыға шабуыл жасаған. Кеуде тұсынан жарақат алған құтқарушы ауруханаға жеткізілді.

Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағындағы екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында. Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы мас болған, - делінген хабарламада.

Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама