×

Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Күдіктілер мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан

 Дәурен Ерболат 01.04.2024 | 09:02
Скрин видео

Қарағанды облысында полиция қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Облыста ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың 12 қылмысқа қатысы бары анықталды.

Жәбірленушілер – «Қармет» АҚ қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері.

Күдіктілер қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, қылмыс жасаған. Олар ұрып-соғумен, мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан.

Жалпы топтың құрамындағы 25 адам ұсталды. Оның ішінде ең белсенді 10 адам қамауға алынды. Тінту барысында атыс және суық қару, оқ-дәрі, діни әдебиет пен ірі көлемде қаражат тәркіленді. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді, – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама