×

Адвокат Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялауға болатынын айтты

БАҚ-та жарияланған ақпарат 2021 жылға дейін берілген және қазір өзектілігін жоғалтқан

 Еркеғали Болатұлы 31.05.2022 | 15:40
фото: ашық дереккөз

Бүгін БАҚ-та Қытайдың Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялауға рұқсат беруден бас тартқаны туралы ақпарат тарады. Кейін оған қатысты Ақжарқынның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов пікір білдірді.

«БАҚ-та жарияланған ақпарат 2021 жылға дейін берілген және қазір өзектілігін жоғалтқан. Бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбайды Қытайдан Қазақстанның юрисдикциясына берудің алгоритмі хабарланған болатын:

1. жазаны өмір бойына бас бостандығынан айырудан бас бостандығынан айыру үшін қайта қарау шешімі (мерзімі есептелген). Бұл ауыстыруға тікелей ықпал етеді;

2. Еліміздің Бас прокуратурасы ауыстыру туралы өтінішті жолдауға тиіс. Менің бастамаммен өтініш 2016 жылдың сәуір айында берілді;

3. ҚР Бас прокуратурасы мен Сыртқы істер министрлігінің Қытай тарапымен ауыстыруды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимылы. Жазаны қайта қарау осы жылдың өзінде болуы мүмкін», - дейді адвокат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама