×

Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға ауыстырудан бас тартты – Бас прокуратура

Ведомство өкілі Қытай тұрмесінде жазасын өтеп жатқан қазақстандықты елге ауыстыру бойынша үміт барын жеткізді

 Ербол Тұрымбет 31.05.2022 | 10:17
фото: СІМ баспасөз қызметі

Бас прокуратура Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялаудан бас тартқанын айтты. 2020 жылдың 19 қазанында Бас прокуратураға сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға ауысуы туралы жазбаша өтініш келіп түскен.

«Сол күні қытай тарапына тиісті сұраныс жіберілді. ҚХР Әділет министрлігінің 03.03.2021 жылғы жауабына сәйкес Ақжарқын Тұрлыбайды жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстан Республикасына беруден өмір бойына отталғандығына байланысты бас тартылды», - деді бас прокурорлар халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Ғалымжан Қойгелдиев Tengrinews ресми сауалына берген жауабында.

Сондай-ақ, прокурор қазақстандық тарап Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға ауыстыруға үмітін үзбейтінін, егер Қытай соты сотталушының жазасын қысқартып, жазаны өтеудің нақты уақытын тағайындаса, бәрі мүмкін екенін айтты.

«ҚХР-дағы ҚР елшілігі қолданыстағы заңға сәйкес А.Тұрлыбайдың жаза мерзімін қысқарту үкім заңды күшіне енген сәттен 2-3 жыл өткеннен кейін мүмкін болатынын айтты. Бұл мәселе тұрақты бақылауда, А.Тұрлыбайға қатысты жаза жеңілдесе не жазаның нақты мерзімі айтылса Бас прокуратура оны Қазақстанға ауыстыру туралы қайтадан сұрау салуға бастамашылық жасайды», - деді Қойгелдиев.

Ақжарқын Тұрлыбайды Қытай полициясы 2014 жылы наурызда тұтқындаған. 2015 жылы маусым айында Қытай соты Тұрлыбайды өмірлік түрме жазасына кескен. 2016 жылы сәуір айында апелляциялық сот үкімнің күшін жойып, істі қайта қарау үшін бірінші инстанцияға қайтарған. Бұған дейін Тұрлыбайдың өзіне тағылған айыпты мойындамайтыны хабарланды.

Бұған дейін Sezimtal қоғамдық қорының негізін қалаушы Сұңқар Нұрмағамбетов Қытай түрмесінде жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың жақын арада елге жеткізілетінін хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама