Алматыда көліктен қомақты қаржы ұрланды

Динара Амантай

Күдіктілер көліктің есігін сканер арқылы ашқан

Фото: Halyq Uni

Алматының Бостандық ауданында орналасқан автотұрақтан 17 мың доллар ұрланған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қаскөйлер Lexus көлігінің иесі жоқтығын пайдаланып, есіктің құлпын сканер арқылы ашып, сол жерден ақша салынған сөмкені ұрлап кеткен.

Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылып, арнайы іс-шаралар кешені жүргізілді. Нәтижесінде күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Олар – Алматы облысының әртүрлі ауылының тұрғындары. Күдіктілердің тұрғылықты жерлерінде тінту жүргізіліп, қылмыстық іс материалдарына заттай айғақтар қосылды. Сонымен қатар қылмыс болған жермен шектесетін аумақтардың бейнебақылау жүйелеріне жан-жақты талдау жүргізілді, – деді Алматы қалалық ПД бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.