Жүргізушілерге ескерту жарияланды

Дәурен Ерболат

Тұман түсіп, жел күшейеді

Фото: Sputnik / Владимир Вяткин

Елімізде жүргізушілерге ескерту жарияланды, деп хабарлады QazAvtoJol ұлттық компаниясы.

Бүгін Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жетісу және Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың тұман түседі. Салдарынан көрініс шектелуі мүмкін.

Сондай-ақ Жетісу мен Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауады.

Сонымен қатар Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында көктайғақ болу қаупі бар. Бұл өңірлерде жел күшейіп, оның екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.