Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамады
Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды
Астана сотында экс-министр Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру), 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау) бойынша айып тағылған.
Айыптау актісі түсінікті. Айыпты мойындамаймын. Істі алқабилердің қатысуымен қарауды сұраймын. Сондай-ақ ашық форматта БАҚ-тың қатысуы арқылы қаралуын сұраймын, - деді Бишімбаев сотта.
Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі басталды.
Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Бишімбаев пен Нүкенова заңды некеде болмаған. Азаматтық некеде тұрған.
Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды.