Жер қойнауын пайдаланушы 386 млн теңге айыппұл төледі

Динара Амантай

Прокуратура жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді

Фото: Halyq Uni

Маңғыстау облысының табиғатты қорғау прокуратурасы жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Талдау нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушы Emir Oil ЖШС-ның келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін Энергетика министрлігі салған айыппұлдарды төлемегені анықталды.

2017-2021 жылдары төленбеген айыппұлдардың жалпы көлемі 451 млн теңгеден асты. Бүгінде қадағалау актісін қарау аясында Emir Oil ЖШС 386 млн теңгені өтеді.