×

Павлодар облысында 90-ға жуық мал иесі жауапқа тартылды

Бақылаусыз жайылып жүрген 2 мыңнан аса мал айыппұл тұрағына қамалды

 Динара Амантай 04.03.2024 | 10:38
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында жыл басынан бері 90-ға жуық мал иесі жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер облыстың автожолдарында тұрақты негізде патрульдеу жүргізеді. Оның барысында жыл басынан бері жолдарда бақылаусыз жайылып жүрген 2 мың 294 үй жануары айыппұл тұрағына қамалды. Малдың 90 иесі жауапқа тартылды.

Мысалы, Атамекен-Русская поляна автожолының 29-шақырымында жылқылар бақылаусыз жайылып жүрген. Кейінірек олар арнайы тұраққа қамалды. Жылқы иесі анықталып, мал жаю ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысының ПД өкілі.

Тәртіп сақшылары иесіз жайылып жүрген малдың салдарынан ауыр зардаптарға әкелетін жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарымен профилактикалық жұмысты жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама