Алматыда «Береке» базары өртенді

Динара Амантай

Ауданы – 50 шаршы метр

Фото: Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі

Алматыда «Береке» базары өртенді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, «Береке» базарының аумағында тұтыну тауарлары бар 2 сауда бутиктерінде өрт болған. Өрт сөндірушілер жалынның жақын маңдағы нысандарға таралуының алдын алды.

Өрт сағат 6:15-те оқшауланып, сағат 6:18-де сөндірілді. Ауданы – 50 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ, – делінген ТЖД хабарламасында.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.