×

Президент қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айтты

Қоғам қайраткері 78 жасқа қараған шағында қайтыс болды

 Халық үні 03.03.2024 | 12:00
Фотода Сейдахмет Құттықадам

Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, ғалым, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Сейдахмет Рысқожаұлы ұзақ жылдар ұлттық ғылымның, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Сейдахмет Құттықадам 2024 жылдың 3 наурызында 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Сейдахмет Құттықадам 1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Бірқатар республикалық газет-журналдың бас редакторы қызметін атқарған. Жетекші республикалық газет-журналдарда 500-ден астам жарияланымы бар. Техника ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Вызов времени», «Миражи и реалии», «Елге қызмет ету» (2009), «Қазақ драмасы» (2010) кітаптарының авторы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама