×

Шымкентте құрылысы бітпеген медициналық орталық тоналды

Күдікті 2,1 млн теңге тұратын 2 500 метр сымды ұрлаған

 Дастан Жұмабекұлы 27.02.2024 | 12:25
Фото: Шымкент қаласының Полиция департаменті

Шымкент қаласында құрылысы бітпеген медициналық орталық тоналды.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, қала тұрғыны түнгі уақытта құрылысы аяқталмаған ғимаратқа кіріп, қабырғасындағы кабельді ұрлап, ізін суытқан. Ұрланған сымдардың ұзындығы – 2500 метр, ал жәбірленушіге келтірілген шығын 2,1 млн теңгені болған. Күдікті кабельді ұрлап бара жатқан кезде бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Кейін полиция бенекамераның көмегімен ұрының түрін анықтап, үлкен орама кабель ұстаған екі адамды ұстаған.

Оқиға туралы хабарды ала салысымен, Тұран аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері күдіктіні іздеуге шығып, жақын маңда орналасқан камералардағы жазбаны қарап,  үлкен орама кабель ұстаған екі адамды қолға түсірді. Күдікті анықталды. Ол бұрын тонау, ұрлық және бұзақылық үшін сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты, – делінген хабарламада.

Күдіктінің жолда танысын кездестіріп, электр сымдарын үйіне жеткізуге көмек сұрағаны белгілі болды. Ұрланған затты ол сатып үлгерген. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу ісі басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама