×

G-Park компаниясына Астанада құрылыс салуға рұқсат бермей отырмыз – Жеңіс Қасымбек

12 тұрғын үйдің құрылысы бітпеген

 Дәурен Ерболат 26.02.2024 | 15:30
Фото: gpark.kz

Елордада G-Park компаниясы құрылыс сала алмайды. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

G-Park компаниясы ерекше бақылауда. Қазір қалада олар салып жатқан 12-13 нысан бар. Былтыр қыстан бастап, оларға (G-Park) жаңа құрылыс салуға рұқсат бермей жатырмыз. Олар 12 тұрғын үйді бітірмей, рұқсат алмайды. Әрбір үйдің құрылысы ерекше бақылауда, - деді Жеңіс Қасымбек Сарыарқа ауданында өткен кездесуде.

Сондай-ақ қала әкімі құрылыс компаниясы барлық үйді салып бітіреді деп сендірді.

Ол (G-Park басшысы Ғабит Сәтмағамбетов) түскен қаражатын осы үйлерге құйып жатыр. Ол (құрылысты) міндетті түрде бітіреді. Кешігіп жатыр, бірақ бітіреді, - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін G-Park компаниясы салған Вашингтон тұрғын үй кешенінің күрелетіні хабарланған еді. Сондай-ақ 100 шақты жұмысшы жалақысын ала алмай отырғанын айтып, аталған компанияның үстінен шағымданған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама