×

Майқайыңдағы апат: Үкіметте 2 адамды іздестіру жұмысы қашан жалғасатыны айтылды

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында шұңқырға құлаған 2 адам әлі табылған жоқ

 Дәурен Ерболат 20.02.2024 | 14:58
Фото: gov.kz/Төтенше жағдайлар министрлігі

Павлодар облысы «Майқайыңалтын» АҚ аумағында опырылған шұңқырға құлаған автобустағы адамдарды іздестіруді жалғастыру үшін сараптама нәтижесін күту керек. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазір іздеу жұмыстарын жалғастыру үшін сараптама жүргізіліп жатыр. Себебі, онда (тау жынысының) опырылу қаупі бар. Біз тағы адамдардан, яғни (іздестіруді жалғастыратын – автор) құтқарушылардан айырылып қалуымыз мүмкін. Сараптама 30 наурызға дейін аяқталады. Нәтижесінде біз іздеу жұмысын қайта бастау туралы қосымша шешім қабылдаймыз. Егер (тау жынысының) құлау қаупі айтарлықтай болса, бұл жағдайды да ескеріп, тиісті шешім қабылдаймыз, - деді министр.

Айта кетейік, биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» АҚ аумағында 4 адам отырған автобус опырылған шұңқырға құлап кеткен еді. Салдарынан 2 құтқарушы көз жұмды, қалған 2 адам (1 құтқарушы, 1 жүргізуші) әлі табылмай жатыр.

Бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр адамдарды іздеуге шетелден көмек тартылмайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама