6 облыста жол жабылды
Бұған дейін 8 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілген
Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар 6 жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады QazAvtoJol ұлттық компаниясы.
Абай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 177 шақырым (қар, боран, жел, көрінуді шектеу):
- Омбы-Майқапшағай-Қалбатау ауылы-Бұғаз ауылы (барлық көлік үшін).
Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 79 шақырым (қар, боран, жел, көрінуді шектеу):
- Алматы-Ташкент-Термез-Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы іске асырылады) барлық көлік үшін.
Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 шақырым (қар, боран, жел, көрінуді шектеу):
- Үшарал-Достық-Көктұма станциясы-Достық станциясы (барлық көлік үшін).
Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 шақырым (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты):
- Жезқазған-Петропавл-Ұлытау облысының шекарасы-Арқалық қаласы (барлық көлік үшін).
Түркістан облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 106 шақырым (бұрқасын, көктайғақ):
- Жизақ-Гагарин-Жетісай-Сарыағаш-Жібек жолы-Қызыләскер ауылы-Черняевка ауылы (жүк көліктері үшін).
Ұлытау облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 115 шақырым (боран, жел):
Жезқазған-Петропавл-Ұлытау кенті-Қостанай облысының шекарасы (барлық көлік үшін).
Бұған дейін еліміздің 8 облысында жол жабылған еді.