Алматыда әуе рейстері кешігіп жатыр

Дәурен Ерболат

Жағдайды қалың қардың жаууы ушықтырған

Фото: Halyq Uni

Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлады аэропорттың баспасөз қызметі.

Қазір ауа райына байланысты 12 рейс кешігіп жатыр. Әуежайдың барлық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін полиция алматылық жүргізушілерге жолда сақ болуға кеңес берген еді.