×

Алматыда жүргізушілер жолда сақ болуға тиіс – полиция

Көктайғақ көлік қозғалысын қиындатқан

 Дәурен Ерболат 16.02.2024 | 11:30
Фото: ТАСС

Алматыда полиция ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырды, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Олар жол жүру ережесін қатаң сақтауы керек.

Жауын-шашын мен көктайғақ қаладағы көлік қозғалысын айтарлықтай қиындатқан. Салдарынан жолда кептеліс пайда болып, көліктің жүруі қиындады. Алайда жүргізушілердің қарапайым жол жүру ережесін сақтамауы да жағдайды ушықтырады. Мысалы, олар көлік жылдамдығын төмендетпейді, жолда қауіпті маневрлер жасап, көлік апатының қаупін тудырады әрі бір-біріне құрметпен қарамайды. Ал жаяу жүргіншілер жолды жүруге болмайтын жерден кесіп өтеді. Осылайша, жол-көлік оқиғасы тіркеледі, - деді қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Асхат Құлбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде оқушылардың сабақты қашықтан оқитыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама