Павлодарда жер үйден ер адамның мәйіті табылды

Дәурен Ерболат

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодарда иесіз қалған жер үй өртеніп, оның ішінде қалған 39 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлады облыстық ТЖД.

Бүгін түскі сағат 12:48-де қаладағы №2 өткел мекенжайы бойынша жер үйдің жанып жатқаны туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жетті. Олар иесіз жер үйдің өртенгенін анықтаған. Өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр, үйдің шатыры ішінара құлаған. Іштен 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өлімнің себебі анықталып жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Өрт сағат 14:44-те толық сөндірілді. Оқиға орнында 16 маман және 4 техника жұмыс істеді.