×

Қарағандыда да белгісіз біреу оқушыларды атып өлтіретінін хабарлады

Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында

 Еркеғали Болатұлы 12.02.2024 | 14:15
фото: dzen.ru

Қарағандыда полиция «мектепте лаңкестік әрекет жасаймыз» деп хабарлама таратқандарды іздеп жатыр.

Telegram желісінде тараған ақпаратта «10 ақпанда Қарағанды мектептеріндегі балаларға оқ атамыз» делінген. Мұны көрген желі қолданушылары хабарламаның рас-өтірігін біле алмай дал.

Полиция қызметкерлері жазба авторларын іздестіріп жатыр. Сондай-ақ олар мұндай жалған ақпараттың Қазақстанның кейбір қалаларында және көршілес мемлекеттерде де таралып жатқанын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары қала тұрғындарын үрейге бой алдырмауға шақырды.

Бүгінде бұл ақпаратты таратқандарды анықтау мақсатында құзырлы органдармен бірлесіп, жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектептерге бейнебақылау камераларын орнатып, полиция жасағын арттырып жатырмыз. Жыл басынан бері осындай жалған хабарламалар көрші мемлекет пен Қазақстанның бірқатар қаласында тараған. Бұл ақпаратты таратудағы мақсат – халық арасында дүрбелең тудыру. Азаматтардан арандатушылыққа бой алдырмай, сабыр сақтауды сұраймыз. Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында, – деп мәлімдеді полиция.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе қаласында да бәзбіреулер балаларды атып өлтіретінін хабарлаған еді. Кейін ондай хабарлама Павлодар мен Атырауда да тарады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама