Астанада шіркеу жұмысшысы қару ұрлағаны үшін сотталды

Еркеғали Болатұлы

38 жаста екен

фото: дереккөз

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрын сотталған шіркеу жұмысшысына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы елордалық ПД-ның Instagram-дағы ресми парақшасына жазылды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрын сотталған 38 жастағы шіркеу жұмысшысын қару ұрлап, қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тапқан. Оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтей отырып, 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Жедел іс-шараларды өткізу кезінде ер адамды Астана қаласы экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әшкерелеген.