×

Қазақстандықтарға ескерту жасалды

Олар сақ болуға тиіс

 Дәурен Ерболат 10.02.2024 | 09:42
Фото: adm-severouralsk.ru

Үйдің маңы мен шатырдағы қарды уақытында тазартып отыру керек. Уақытында шығарылмаған қар өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін, деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Мамандар өңірдегі тұрғындарға ескерту жасап, қауіптің алдын алуға шақырды.

Облыс аумағында қардың көп жаууына байланысты үйдің маңайындағы және шатырдағы қарды тазарту жұмысын күшейту керек. Себебі, үйдің төбесіндегі қар еріп, су өткізгіш жүйесі бұзылуы мүмкін. Сондай-ақ жиналған қардың тығыздығы жоғары және салмағы ауыр болады. Салдарынан үйдің төбесі құлауы да ықтимал.

Мұзға айналған қар кенеттен төменге сырғыса, адам өміріне өте қауіпті. Сонымен қатар ол көліктер мен басқа мүліктерді зақымдауы мүмкін, - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі қазақстандықтарға алыс жолға шықпауға кеңес берген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама