×

Алматыдағы лай көшкіні: тұрғындарға қауіп төніп тұр ма?

Бүгінде комиссия апаттың себебін анықтап жатыр

 Дәурен Ерболат 09.02.2024 | 18:18
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы лай көшкініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеше түнде болған табиғи апаттан 4 адам көз жұмған болатын.

Ведомство басшысы бүгінде апат орнында жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Әкімдік қалпына келтіру жұмысын жүргізуде. Бүгінде жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына лай көшкінінің қаупі төніп тұрған жоқ. Алдын ала деректер бойынша апатқа құбырдың жарылуы себеп болған. Тиісті сараптама жүргізілгесін комиссия қорытынды шығарады. Біз апатқа құбырдың жарылуы себеп болды деп болжаймыз, - деді Шыңғыс Әрінов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама