×

Атырау облысында 3 адамның өліміне себепкер болған шетелдік сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енді

 Динара Амантай 09.02.2024 | 13:30
Фото: Halyq Uni

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Махамбет аудандық сотының Түркия Республикасының азаматына қатысты үкімі апелляциялық тәртіпте қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бірінші саты сотының үкімі бойынша, сотталушы автокөлікті басқару кезінде жол жүрісі және көлікті пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда 3 адамның өліміне әкеп соққан қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін (ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі) кінәлі деп танылды.

Оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Іс сотталған шетел азаматы қорғаушысының апелляциялық шағымы бойынша қаралды. Ол тағайындалған жазаны жеңілдетуді сұраған

Сот алқасы бірінші сатыдағы сотпен сотталғанға жаза кінәні мойындау туралы процестік келісім негізінде тағайындалғанын анықтады. Сотпен процестік келісімнің негізділігі тексерілді. Алқа сотпен тағайындалған жаза мерзімін төмендетуге немесе жазаны жеңілдетуге негіз жоқ деген қорытындыға келеді. Алқа сотталғанның жеке басын зерделеп, оның жасаған қылмысының сипаты мен дәрежесін, қылмыс зардабы 3 адамның өліміне әкеп соққанын ескеріп, бірінші сатыдағы сотпен жеке басына, жасаған әрекетіне сай заң шеңберіндегі жаза тағайындалған деген тұжырымға келді, – делінген сот хабарламасында.

Сот үкімін өзгертуге немесе оның күшін жоюға негіздер анықталмағандықтан, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші саты сотының үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама