Halyq Uni логотип
×

Қарағандылық зағип жеткіншек байқаудан ұтқан ақшасына пәтер сатып алмақ

Анасы ұлының оқу орындарында музыкалық білім алғанын қалайды

 Еркеғали Болатұлы 27.05.2022 | 11:19
Қарағандылық зағип жеткіншек байқаудан ұтқан ақшасына пәтер сатып алмақ
фото: dknews.kz

Қарағандыда 14 жастағы Нұрдәулет Сағатбек атты зағип жеткіншек І республикалық «Домбыра-Дастан» байқауынан бас жүлде – 8 млн теңгені ұтып алды. Енді ол бұл қаражатты отбасына пәтер алуға жұмсамақ. Өйткені ата-анасы баспанасын кезінде көзі нашар көретін ұлын емдету үшін сатып жіберген.

Нұрдәулетті анасы үйірмеге 11 жасында берген. Содан бері талай жарыста топ жарыпты.

8 миллионның 8 жүз мыңына жақында домбыра сатып алдым. Кейін өсе келе, 17-18 жасқа толғаннан кейін көзіме операция жасатам деген ойым бар, - дейді жеңімпаз жеткіншек.

Себебі дәрігерлер оған 18 жасқа толған соң ғана операция жасатқан дұрыс екенін айтқан. Ал анасы ұлының оқу орындарында музыкалық білім алғанын қалайды. Алайда олар ерекше балаларды қабылдамайды екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама