×

Антикор Шымкент әкімінің жиналысы үстінде ұсталған шенеунік жайлы пікір білдірді

Бұл қала әкімінің бастамасы болуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 08.02.2024 | 15:43
скриншот: видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен өткен жиналыс үстінде ұсталған шенеунік жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Біз бұл жағдайды қарастырдық. Жемқорлыққа қарсы қызмет ашық жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті (оқиға орнына – автор) шақырғанда жергілікті атқарушы органмен келісіледі. Бұл қала әкімінің бастамасы болуы мүмкін, - деді Саян Ахметжанов Мәжіліс кулуарында.

Бұған дейін Шымкент әкімінің төрағалығымен өткен жиналыс үстінде қалалық тұрғын үй басқармасының басшысын Антикор өкілдері ұстап әкетті.

Видеодан қала басшысының әкімдікте жұмыс істейтін жемқор шенеуніктер де, адал шенеуніктер де барын айтқанын естуге болады. Сосын жиналыс барысында кабинетке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері келіп, басқарма басшысына (тұрғын үй) тергеу шараларын жүргізу үшін келгенін айтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама